Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ОТЫРЫСЫ

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың құқығының қорғалуы және әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы жұмыс түрлері» тақырыбындағы әлеуметтік педагогтердің облыстық отырысы ұйымдастырылды.
«Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің әлеуметтік педагогі А.Ж.Бижанова,  өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.