Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесі «Саналы ұрпақ» Республикалық жобалық кеңсесімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында өзара ынтымақтастық меморандумын жасады.

Іс-шараға Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің жетекшілері мен салалық,бастауыш ардагерлер ұйымдарының мүшелері , студент жастар,қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуде Ақтөе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды дамытуды көздейтін ынтымақтастық меморандумының маңызына тоқталды. Жемқорлық пен құқықбұзушылықты туғызатын себептердің алдын алып, оларды жою,сондай-ақ ,жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы облыс тұрғындары арасында ,қоғамдық ұйымдар ,ардагерлер кеңестері арқылы көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізу,бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруда өзара ынтымақтасты меморандумының ролі зор,-деп атап өтті.