Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер мен ата-аналар! Баршаңызды ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уқыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!