Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Шеберлік сабағы «Сабақ процесінде кәсіби лексиканы қолдану және оқытушы этикасы»

Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші, еңбек нарығының сұранысын қамтамасыз ететін, болашақтың иесі – жастарды оқытуда және кәсіптік-техникалық мамандарын даярлауда оқытушының рөлі ерекше. Осы орайда педагогикалық-психологиялық шеберлік мектебі аясында «Сабақ процесінде кәсіби лексиканы қолдану және оқытушы этикасы» тақырыбында «Филология» циклдік-әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Г.Алашбаеваның шеберлік сабағы өтті. Шараға жас оқытушылар мен тәжірибелі ұстаздар қатысты.

Шеберлік сабағында педагогикалық тәлімгерлік негізінде жас оқытушыларға оқу сабақтарын дайындау және өткізуге, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге көмек көрсетіліп, ғылыми-мәдени қабілеттерін белсендіру, әріптестік байланыс орнату мәселелері көтерілді.