Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі жеңімпаз спортшыларымен кездесу

2021 жылдың 21 қазан күні “Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде” Еліміздің туын көкке көтеріп жүрген спорт шеберлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: студенттерді салауатты өмір салтына тарту және спорт шеберлерінің, тәжірибелі спортшылардың өмір жолын мысалға ала отырып жастарға қанат бітіру, жетістіктерге итермелеу. Кездесу қонақтары: Мырза Қуаныш Қазтұрғанұлы. 📌”Қос Аққу” Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубы қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 🔹N4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы. 🔷Еркін күрес, грэпплинг және бразилиялық джиу-джитсу күресінен шеберлер арасындағы тоғыз дүркін әлем чемпионы. 🔷Еркін күрестен Қазақстан Республикасының және грек-рим күресінен Ресей Федерациясының чемпионы. 🔹Қазақстан Республикасының Халықаралық Дәрежедегі Спорт Шебері. 🔹КСРО Спорт Шебері. 🔹Қазақстан Республикасының Құрметті Спорт Қызметкері. 🔹Қазақ Спорт және Туризм Академиясының Құрметті Профессоры. 🔷Халықаралық Спортшылар Одағының Мүшесі. Әліби Ідіріс @alibi.idris 📌Ережесіз жекпе-жектен ҚР-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері; 🔹NFC ұжырым бойынша әлем чемпионы Нұрбек Қабдрахманов @kabdrakhmanov.nurbek 📌Ережесіз жекпе-жектен ҚР-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері; 🔹Бірнеше дүркін әлем чемпионы Қонақтарымызға зор алғысымызды білдіреміз, еңбектеріне табыс тілей отырып осындай кездесу кештерінің алдағы уақытта жиі болатынына сенім білдіреміз!🥇🇰🇿