Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы

29.09.21 ж. «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында «Іскерлік идеядан фирмаға дейін» тақырыбында «Экономикалық пәндер» ЦӘБ-інің оқытушылары Есетова М.К., Кылышбаева К.М., Тулегенов Т.И., Ерекешев К.М., Наурызгалиев А. қонақ дәрісін ұйымдастырып өткізді. Дәрістің қонақтары – “Атамекен” кәсіпкерлер Палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Баймуратова А., Ақтөбе облысы бойынша «Бастау» жобасының бизнес тренері, ментор Сейтжапарова Г., Eco Network директоры, экокеңесші Сексенова А., @aktobe_online парақшасының негізін қалаушы, блогер Гончаров Ю.В. Қонақ дәрісі студенттердің үлкен қызығушылығына бөленіп, пайдалы және ашық пікір талас түрінде өтті.