Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстазы

Есқалиева Салтанат Бахытовна

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің әдіскері

Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген. Білім беру саласындағы еңбек өтілі 31 жыл. Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде 1995 жылдан жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қолданысқа ұсынып, «Фолиант» баспасынан 1000 дана тиражбен таратылымға шыққан «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі» (2014ж.), Автокөлік қозғалтқыштарының теориясы мен құрылысы» (2018ж.), «Қарым – қатынас психологиясының негізі  және іскерлік қатынастар этикасы» (2019ж.), оқулықтарының және Sciencia Scripts еуропалық кітап маркеті (Германия, Мельбурн)  арқылы 8 тілде  халықаралық таратылымға шыққан «Система повышения квалификации педагогов: от традиции к инновации» әдістемелік құрылының авторы(2020ж.).

2019 жылы «100 жаңа кітап» жобасы аясында шетел тілінен мемлекеттік тілге аударылып, «Оқулық» орталығының сапартамасынан өтіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі грифімен  2020 жылы «Фолиант»  баспасынан 1000 дана тиражбен таратылымға шыққан «IT мамандықтарына арналған С++» оқулығы (Дирк Харди),  «Компьютерлік желілер» (Бернхорд Хаузер),  «Автомобильдерді сырлау маманы» (Зиртль Хельмут, Штайле Бернхард) оқулықтары аудармаларының авторы.

«Өрлеу» ҰБАО Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-ның эксперттік кеңесінің ұсынысымен  «Применение интерактивных методов преподавания общеобразовательных дисциплин в условиях обнавленного содержания среднего образования» (для преподавателей системы ТиПО) (2021), «Система повышения квалификации педагогов: от традиции к инновации» әдістемелік құралдарын (2019ж.) басып шығарды.

«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша қолданысқа енгізілген «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» пәнінен Типтік оқу бағдарламасының авторы (1999-2016 жж.).  «Бағдарламамен қамту» мамандығы бойынша кретиттік-модульдік негіздегі Типтік оқу бағдарламасын құрастыру бойынша республикалық деңгейдегі жұмысшы топ құрамының мүшесі (2021 ж.).

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және «Talap» КЕАҚ педагогикалық шеберлік орталықтарының штаттан тыс тренері. «Talap» педагогикалық шеберлік орталығы штаттан тыс тренерінің үздік авторлық бағдарламасы» байқауында «Педагогтің құзыреттілігін қалыптастыруда ерекше стиль» номинациясын иеленді (2021ж.).

Білім беру саласынға еңбек жолында: ҚР Білім және ғылым министрінің Алғысымен, Құрмет грамотасымен, «ҚР ТжКББ саласындағы ерен еңбегі үшін» Медалімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына  сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, облыс әкімінің грантымен, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің, «Өрлеу» БАҰО – ның, Облыстық білім басқармасының, Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының, марапатталды. «Педагогика саласының үздігі-2019» республикалық байқауының жеңімпазы.