Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстазы

Жиеналина Инкар Суйеумаганбетовна

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің тарих  пәнінің оқытушысы, бөлім меңгерушісі, т.ғ.к.

Жиеналина Инкар Суйеумаганбетовна 1962 жылы 24 ақпанда Ақтобе облысы Шалқар ауданына дүниеге келген. 1979 жылы І.Ургенішбаев атындағы қазақ орта мектебің Алтын белгімен тамандап,1979-1981 жылдары Шалқар ауданының Ақтогай совхозында «Лениншіл жас» комсомол-жастар бригадасында жұмыс жасаган.

1981-1986 жылдары Москва қаласында ЦК ВЛКСМ-нің жанындағы Жоғары Комсомол мектебінің « тарих және коммунистік тәрбие» факультетін бітірген. 1991-1997жылдары Ақтөбе қаласындағы №34 мектепте тарих пәнінің мұгалімі және  директордың тәрбие жұмыстары жөніңдегі орынбасары жұмыс атқарды. 1997 жылдан осы уақытқа дейін  Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы,бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

2004-2006 жылдары Алматы қаласындағы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институтында ізденуші болып тіркеліп, 2006 жылы осы институт жанындағы  диссертациялық кеңесінде «19 ғасырдың екінші жартысы-1917ж. аралығындағы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлауы: тарихнамалық зерттеу» тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінен кандидаттық диссертациясын қорғап, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласын қадағалау мен аттестаттау комитетінің 2007 жылғы 28.03 шешімімен тарих ғылымдарының кандидаты атағын алды. Біліктілігі жоғары деңгейдегі ұстаз.  Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен, Құрмет грамотасымын, төсбелгілерімен марапатталды.

  • «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгі–№587, 2015ж
  • «Ы.Алтынсарин»  төс белгісімен –№0388, 2019ж
  • «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгі, 2014ж.,

Педагогика еңбек жолында 20 астам ғылыми мақаласы мен 2 монографиясы жарық көрді.