Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Мерейлі отбасы” жеңімпаздарымен кездесу

Қазақстандық отбасы күніне орай, 20 қыркүйек күні, Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Тынымкулова Дана Болатбайқыз және Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы Нурманова Амина Мадиевнаның қатысуымен “Отбасы қоғамның негізі” тақырыбында “Мерейлі отбасы” байқауының 2021 жылғы облыстық жеңімпаздары Аймағамбетовтер отбасымен кездесу өтті. Кездесуге 3-4 курс білім алушылары қатысты. Кездесу барысында Аймағамбетовтер отбасы өздерінің өмірлік жолы, отбасылық құндылықтар жайында сөз қозғады, жастарға тәрбиелік ақыл кеңестер беріп, өмірлік жолдарына бағыт бағдар берді. Білім алушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, белсенді қатысты. Кездесу соңында директордың ТІЖ орынбасары Г.У.Есенгалиева ұйымдастырушылар мен қоңақтарға алғысын білдіріп, сый сияпат ұсынды.