Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Құндылықтар философиясы-адамгершілік бастаулары»

20.04.2021жылы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде «Қоғамдық-әлеуметтік пәндер» ЦӘБ пәндік апталық аясында «Философия негіздері» пәнінің оқытушысы Ахметова К.Ч «Құндылықтар философиясы-адамгершілік бастаулары» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: Егеменді еліміздің тұғыры қашан да баға жетпес құндылықтарымен биік, адамгершілік бастаулары туралы баяндай отырып, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсінетін – адами құндылықтарымызды студенттердің бойына сіңіру. Ашық сабаққа бірлестік оқытушылары, колледж әдіскері және басқа бөлімнің оқытушылары қатысты