Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Шәкіртақыны тағайындау комиссиясы қысқы емтихан сессиясының қорытындысын талқылауда.

5 ақпан 2021ж. Шәкіртақыны тағайындау комиссиясы қысқы емтихан сессиясының қорытындысын талқылауда. Әдеттегідей, комиссия мүшелері өз жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері» Ережесін негізге алады. Ережеге сәйкес, мемлекеттік шәкіртақы аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "өте жақсы", "жақсы" деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушыларға тағайындалады. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді.