Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Түлектерден игі іс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп жатырған “30 игі іс” аясында, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің “Машина жасау технологиясы” мамандығының алғашқы түлектері де өз үлесін қосты. Түлектер диплом алу шарасында осы мамандықтың 1-ші курс студенттеріне жылы лебіздерін білдіріп, оқуда озат болуға, колледждің қоғамдық шараларына белсене қатысуға сонымен қатар студенттік шақты тиімді әрі қызықты өткізуге кеңес берді. Және өздерінің мамандыққа қатысты сабақтарда қолданатын жабдықтарын сый ретінде қалдырды.