Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Үміт, сенім бізді алға жетелейді»

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің педагог-психологтары «Үміт, сенім бізді алға жетелейді» тақырыбында 04.12.2020ж күні zoom онлайн форматта 177 студентті қамти отырып, 1-курс студенттеріне арналған психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты студенттердің психологиялық көңіл күйін көтеру, өзара жағымды қарым-қатынас орнату. Тренинг барысында «Сенім телефоны», «Сенім жәшігі», құқық-бұзушылықтың алдын –алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде мәселелер талқыланды. Студенттермен пікір алмасып, кері байланыс орнатылды. Жоспарға сай психологиялық тренингтер қалған топтарда жалғасын таппақ.