Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Бизнес-идеяларды қалыптастыру

2020 жылдың 24 қазан күні «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсының білім беру бағдарламасы аясында «Экономикалық пәндер» ЦӘБ оқытушыларының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкер Ж.Д.Омаровамен «Бизнес-идеяларды қалыптастыру» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Тренинг барысында студенттер өз ісін құру және жүргізу үшін қандай құралдар бар екенін білді. Жанат Давлетовна «БИОЧИСТКА ОДЕЖДЫ АКТОБЕ» жеке кәсібі туралы, кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, менеджменттің заманауи құралдарын қолдана отырып, жеке табысты бизнесті құру үшін практикалық дағдыларды игеру қажеттілігі туралы сонымен қатар, кәсіпкерлік жолында қандай қиындықтардың кездесуі мүмкін екенін айтты. Кездесуге «Есеп және аудит», «Ақпараттық жүйелер», «Электрмен қамтамасыз
ету», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының студенттері қатысты.

«Экономикалық пәндер» ЦӘБ төрайымы М.К.Есетова