Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Идеяларды генерациялау» онлайн курсы

«Идеяларды генерациялау» онлайн курсы
2020 жылдың 13-30 сәуір аралығында ERG (Еуразиялық Топ), AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебі, Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы ұйымдастыруымен «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының қатысушылары үшін «Идеяларды генерациялау» онлайн-курсы өткізілді.
Идеяны генерациялау – бұл жаңа идеяларды құру, байқау, тыңдау, талдау, біріктіру және клиент, нарық және бизнес үшін қызықты, жаңа және қажет нәрсені қалыптастыру мүмкіндігі.
Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің 15 студенті кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Онлайн курсты AlmaU кәсіпкерлік және инновация мектебінің сенсейі Айбол Мухсиынов өткізді.
 
Біздің студенттер өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін арттырып, идеяларды құруды үйренді және өз жобаларын жасауда идеяларды қалыптастырудың түрлі құралдарын қолданды. Илья Патынга мен Дмитрий Мальков біздің колледж командасының жобасын сәтті қорғады.
Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі жобасының ұйымдастырушылары: ERG (Еуразиялық Топ), AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебіне, Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы және колледж басшылығына алғысымызды білдіреміз.
«Экономикалық пәндер» ЦӘБ
#ECOSYSTEMERG
#AHPC
#AlmaU