Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

ЭССЕ қорытындысы

 2019 жылдың 9 желтоқсанында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде  әдістемелік кабинет пен «Филология пәндері» ЦӘБ –нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты эсселер байқауы өткізілді. Байқауға колледждің  12 оқытушысы қатысты.  Қатысушылардың жұмыстарын саралау мақсатында  сарапшылық кеңес тағайындалды.

Сарапшылық кеңес мүшелері:

Оқытушының аты – жөні

Лауазымы

1

Ходжаниязова Ж.Т.

Директордың ОӘЖЖ орынбасары

2

Есқалиева С.Б.

Колледж әдіскері

3

Алашбаева Г.С.

«ЖББП» бөлім меңгерушісі

4

Атамуратова А.Е.

Орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

5

Шаңбаев Д.

Арнайы пәндер оқытушысы

 

Бағалау талаптары:

  1. Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас,позиция көрініс табуы
  2. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірибесіне сүйенген фактілі дәлелдер
  3. Жалпы білімі

4.Сөздік қор

  1. Тілді қолдану деңгейі
  2. Сауаттылық

Сарапшылық кеңестің қорытындысы бойынша 3 оқытушының жұмысы облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: Л.Асабаева, Б.Қобдабаева, Р.Байжанова.

Облыстық кезең қорытындысы 13 желтоқсанда жарияланады.

    

Әдістемелік кабинет және «Филология пәндері» ЦӘБ