Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Жайдарман

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Ақтөбе Жоғарғы политехникалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті 2019 Жастар жылын қорытындылау мақсатында АРНАЙЫ ЖОБА ” АҚТӨБЕ ЖОҒАРҒЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ КУБОГІ” Жайдарман ойындарын ұйымдастырды.Бұл жолғы Жайдарман ойыны бұрынғыдан өзгеше,ерекшелеу болды. Олай деуіміздің себебі сайыс “Автоматтандыру және басқару” бөлімімен бірлескен “Ақпараттық жүйелер” бөлімі бір құрама және қарсыластары “Техникалық мамандықтар” бөлімімен бірлескен “Жалпы білім беру” бөлімдері бір құрама болып әдемі ойын өрнегін көрсетті. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.Сәлемдесу, биатлон,сұрақ-жауап, ойлан-тап сынды кезеңдерден тұрған болатын. Осы кезеңдерден сүрінбей өтіп 2019 жылғы “АҚТӨБЕ ЖОҒАРҒЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ КУБОГІН” “Техникалық мамандықтар” бөлімімен бірлескен “Жалпы білім беру” бөлімдері жеңіп шықты. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз