Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“ZhasStar” студенттер фестивалі

22 сәуір күні Ақтөбе қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “ZhasStar” жастар арасында қалалық студенттер фестивалі өтті. Фестивальға колледжіміздің жас өрендері қатысыпы, жүлделі орындар иеленді. “Jas Talap” патриоттық тақырыпта ән айту жанры бойынша 30-дан аса өнерпаздың арасынан топ жарып колледжіміздің студенттері Ырғызбай Қуаныш 3-орын иеленсе, Еркінұлы Ералы “Белсенді қатысушы” атанып, Алғыс хатпен мараптталды. Музыкалық жетекшісі: Сәулебаев Шапағат Қанағатұлы. “Мәңгілік ел, мәңгілік тарих” театрландырылған қойылым жанры бойынша колледжіміздің “Адырна” театралды үйірмесі өнерпаздардың арасынан топ жарып жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарымыз кубок пен бағалы сыйлықтармен мараптталды. Жетекшісі: Адилканова Гулдана Базаркожаевна. Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтай отырып, шығармашылықтарына толағай табыстар тілейміз