Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстазы

Жумагазина Галия Урунгалиевна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде 1998 жылдан жұмыс жасауда. 2005 жылы колледж әдіскері, 2011 жылы әлеуметтік педагог, 2019 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқаруда. Ақтөбе облыстық-ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Әлеуметтік педагог портфолиосы» облыстық байқауында І орын иеленді. Зерттеу-ізденушілік жұмыстары бойынша ғылыми-әдістемелік баяндамалар әзірлеп облыстық, аймақтық және республикалық деңгейдегі түрлі семинарларға, конференцияларға қатысып, ғылыми жинақтарда еңбектері жарияланды. Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінде өз тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын жасақтау жұмысшы топтың мүшесі. 2020 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білікті кадрларды дайындау сапасын қамтамасыз ету факторы ретінде аккредиттеу» халықаралық семинар-тренингіне қатысып, сертификатталды. 2014-2018жж. бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарып, міндетті жұмыстарын білетін, жауапкершілікпен қарайтын азаматша ретінде көрініп келді. Галия Урунгалиевна кәсіподақ саласында жұмыс істеген уақыт ішінде іскер, белсенді төрайым ретінде көріне білді. Әріптестері мен кәсіподақ мүшелері арасында беделді, өзіндік орны бар. Қаланың, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқаны үшін, 2015 жылы Ақтөбе облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Білім саласы кәсіподақ мүшелерінің мұң-мұқтажы мен мүддесін, құқығын қорғауда адал да абыройлы еңбектері ескеріліп, 2014 жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің, 2016ж. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының және 2017ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2018ж. «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2019ж. «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

Ұжымында беделді, мінезі ашық, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өзінің біліктілігін пайдалана отырып, қызметкерлермен етене бірлесіп жұмыс жасайды.