Спорт биігіне шығар ұландар

«Жалпы білім беру» бөлімінің 101РМ тобының студенті Мекебаев Алихан 2019 жылдың қыркүйегінен бастап АЖПК қабырғасында білім алуда. Алихан 2012 жылдан бастап Ақтөбе олимпиадалық резерв мектебінде біздің колледж түлегі Галиб Джафаровтың басшылығымен бокспен айналысады. Жаттықтырушысы: Избасаров Дархан, Бекжанов Еркеғали. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап А.Ескин атындағы халықаралық турнирде 2-орын, Ресейдің Орск қаласында өткен халықаралық турнирде командалық есепте 1-орын иеленді. Қазіргі таңда спорт шеберіне үміткер. «Tukeshov boxing» бокс командасымен бірге «Ақтөбе» телеарнасында «Қайырлы таң, Ақтөбе!» хабарында қонақ болып, спорт пен оның пайдасы, жетістіктері туралы сұхбаттасты.

         Алар асуларың биік болсын, Алихан!