2022 жыл «Балалар» жылына орай, облысымыздағы жастар мен жасөспірімдерді қайырымдылыққа тарту мақсатында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің жанынан құрылған «Ашық жүрек» еріктілер клубы «Ыстық чай» челленджін ұйымдастырды .
Қала тұрғындарына ыстық бәліш пен чай таратып ,өздерінің игілікті істерін бастап , тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Клуб жетекшісі: Медиев Н.
Шараның мақсаты: Жомарттық, жақсылық және қайырымдылық – бұл қоғамға өз үлесін қосуға және басқа адамдардың өміріне оң өзгерістер әкелуге мүмкіндік беретін негізгі құндылықтар екендігін студенттерге түсіндіру.