Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар бойынша әдіскер Н. Сакебаеваның «Word текстік редакторында құжат құру» тақырыбын қашықтан оқыту Мoodle платформасына енгізу» тақырыбында шебер-класы өтті.
Шебер-кластың мақсаты: Жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі және сырттай оқу формасында қашықтан оқыту элементтерінің үйлестірілуін түсіндіру, Moodle жүйесіндегі кез-келген форматтағы файлдар арқылы студенттер мен оқытушылардың өзара ақпарат алмасуын жүзеге асыру. Қашықтан оқыту материалдарынМoodle платформасына толтыру технологиясын бір сабақ үлгісі негізінде көрсету.