2020 жылдың 2 желтоқсанынан 4 желтоқсаны аралығында колледждің оқу-әдістемелік кабинеті, колледжде кредиттік технологияны енгізу бойынша жұмысшы тобының мүшелері үшін “Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу үшін кәсіптік стандарттар негізінде біліктілікті функционалдық талдау”тақырыбында оқыту семинарларын ұйымдастырды. Оқыту семинарлары барысында ECVET кредиттік-модульдік технологиясы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу үшін мамандықтар бойынша функционалдық карталар дайындалды.
Оқу-әдістемелік кабинет