Педагогический составПроектыПодразделения

2021 жылдың 9 қарашасында AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебі «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне арналған Ecosystem Fest іс-шарасын өткізді.

2021 жылдың 9 қарашасында AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебі «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне арналған Ecosystem Fest іс-шарасын өткізді. Ecosystem Fest – «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы идеяларының күзгі фестивалі, 1-4 курс студенттеріне арналған бір күндік білім беру модулі. Фестивальдің мақсаты – жобаға тарту, қатысушыларды жаңа жобаларды жасауға және дамытуға ынталандыру, қолданыстағы жобаларды жаңарту, Tumar Business Challenge конкурсына қатысуға дайындау. Фестиваль аясында «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы таныстырылып, білім беру модульдері өткізілді: «Идеялар генерациясы» – Айбол Мухсиынов- AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің сенсейі; «Өнім немесе жоба үшін тауашаны таңдау» – Абылай Юсупов-кәсіпкер, маркетолог, AlmaU MBA. Офлайн фестивальге 1, 2 және 3 курстардың 150 студенті қатысты.

«Экономикалық пәндер» ЦӘБ төрайымы М.К.Есетова

#ecosystemerg #ahpc