Педагогический составПроектыПодразделения

«ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК!!!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде 30.09.2020ж. күні «Техникалық  мамандықтар»«Мұнай-газ ісі пәндері» ЦӘБ-нің арнайы пән оқытушысы: Даулетьярова Токжан Шакировна «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығының  301 РМ, 303РМ, 401РМ топтары студенттерімен «ҰСТАЗ  АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК!!!» тақырыбында ашық тәрбие  сағатын  өткізді.

Тәрбие  сағатының мақсаты: Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой,адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам ол – Ұстаз. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деген ұстаздардың жөні де, жолы да айрықша бөлек екендігін дәріптеу.

Ашық тәрбие сағаты әсерлі де, өте жақсы өтті, түрлі қызықты сұрақтар қолып, ән-шашу,күй орындалды. Тәрбие сағатына бөлім меңгерушісі: Ж.Абиева және колледждің  арнайы пән оқытушылары – Н.Курмансейтова, Ж.Жолаева, Ж.Шатаякова, Ж.Дабылова, Г.Кайжанова  қатысып, пікірлерімен бөлісті.