Педагогический составПроектыПодразделения

«Жас маман» жобасы – заманға сай білікті маман даярлау Ақтөбе Жоғары Политехникалық колледжі

ЦӘБ төрайымы, арнайы пән оқытушы
Дабылова Жанат Сабитбековна

          “Жас маман” жобасы Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген. «Жас маман» жобасы бойынша алынған заманауи өндірістік жабдықтар академиялық еркіндік колледждер жұмысына үлкен мүмкіндіктер ашады. Жобаға қатысқан колледждердің қатарына Ақтөбе Жоғары Политехникалық колледжіміз де енді. Ақтөбе Жоғары Политехникалық колледжіне «Жас маман» жобасы аясында «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 86 млн теңге көлемінде грант бөлінді. Бұл қаражат ұсынылған техник-технолог мамандығы бойынша материалдық-техникалық базасын сатып алуына жұмсалуда, керекті колледждің оқу-өндірістік базасын жаңартып, мұнайдың фракциялық құрамын, мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздығын, тұтқырлығын, мұнай өнімдерінің жабық тигельде лап ету температурасын  анықтау құрал-жабдықтарына, сонымен қатар хроматограф, рефрактометр, кулонометр, титратор приборлары, реактивтер мен зертхананы жабдықтау жиһаздарына тапсырыс беріліп алынуда.
          «Жас маман» жобасы негізінде осы 2020-2021 оқу жылында халықаралық аккредитациядан өту жоспарланған. Халықаралық  акредитациядан өткен жағдайда, түлектеріміз әлемнің кез – келген өндіріс орынына өздерінің мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуларына жол ашылады
          «Жас маман» жобасы аясында біздің колледжде бірнеше жұмыстар қолға алынған. Солардың бірі, мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі қасиеттерін анықтайтын зертхана. Бұл зертхананың ашылуы студенттердің мүмкіндіктерін арттырады. Біздің мекемеміздің алға қойған негізгі мақсатымыз – өңірдегі техникалық салаға жетіспейтін мамандар дайындап шығару. Заман талабына сай студенттерімізде білім, білік, дағдыларды қалыптастыру. Дуальді оқыту жүйесіне де көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, біздің колледжді бітірген студенттер болашақта тәжірибелі маман болып, жұмыссыз қалмайды деп сенеміз.